история школы » С.И.Морозов атындағы №51 орта мектеп-гимназиясы
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің
"С.И.Морозов атындағы №51 орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 834-2-23-78
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
март
2020

история школы

№ 51 С.И. Морозов атындағы орта мектеп-гимназиясының тарихы сонау 1929 жылдардан, Түркістан-Сібір темір жолы құрылысы кезеңінен басталады. 1929 жылы қазан айында Түркістан-Сібір темір жолы салынып жатқан кезде осы құрылысшылардың балалары үшін шағын Үштөбе стансасында рейстегі паровозшылар демалатын ғимаратта бірінші фабрикалық-зауыттық жетіжылдық мектеп ашылды (ФЗЖ № 15 1929 жылдан 1935 жылға дейін). Мектеп ғимараты 450 оқушыға арналып қызыл кірпіштен салынды. Мектеп Алматы темір жол басқармасының білім бөліміне бағынышты болды. Бұл Талдықорған аймағындағы ең бірінші орта мектептердің бірі болды, сондық тан мұнда оқуға Гавриловкадан да (Талдықорғаннан да) балалар келіп тұрды.
1930 жылы Батыс Сібірден өз еркілерімен осы мектепте еңбек етуге мұғалімдердің үлкен бір тобы келді. Ұлы Отан соғысы кезінде мектепте госпиталь ашылып, мұғалімдер жаралыларға көмек көрсетті. 1931-1933 жылдары мектеп директоры С.А.Лазарев болды. 1935 жылдан 1936 жылға дейін фабрикалық-зауыттық онжылдық мектеп болды, ал 1936 жылдан 1958 жылға дейін - №15 орта мектеп. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда осы мектептің 28 түлегі мектеп директорымен бірге майданға аттанды. Олардың көбісі соғыстан қайтпады, ал аман қайтқандары ерен ерліктері үшін көптеген ордендермен медальдармен марапатталды. Олардың ішінде мектеп түлектері: Г.Л.Карпухин, А.Балин, М.С.Полехин, И.Постоенко болды.
Ұлы Отан соғысының бірінші жылдары осы мектептің түлегі Иван Кузнецов Брест қорғанын ерлікпен қорғау кезінде бір тізбек гранатамен танктің астына тап берді.
1943 жылдың 23 қазанында мектептің бірінші түлегі Сергей Ильич Морозов жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде өзінің отқа оранған ұшағын жаудың Мелитополь қаласының ауданындағы бронемашина мен танктер колоннасына бағыттады, ол Гастеллоның ерлігін қайталаған еді. 1943 жылдың 31 қазанында оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Августов-Гродно шоссе жолымен өтіп бара жатқан немістердің іріктеліп алынған «Өлі бас» атты колоннасын өзінің шағын ғана топ солдаттарымен тоқтата алғаны үшін 1944 жылдың 26 қазанында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен сержант Николай Семенович Шевелевқа Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
1948 жылдан 1968 жылдарға дейін кезеңде мектепті В.И.Никифоров басқарды.
1958-1977 жылдары мектеп № 263 орта мектеп болып аталды. 1965 жылы мектепте Ұлы отан соғысында қаза тапқан батырларға арналып мемориалдық тақта орнатылды.
1968 жылдан 1981 жылға дейін мектеп директоры Н.Г.Казаков болды.
1975 жылдың 4 мамырында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің - 30 жылдығы қарсаңында оқушылар мен ұстаздар бірлесіп жинаған қаражатқа мектеп түлегі Г.А.Медведевтің жобасы бойынша Отан үшін жас өмірлерін қиған ұстаздар мен оқушыларға арналған ескерткіш бетіне жазылған 38 адамның аты мен жөні – майданнан қайтпаған мектеп түлектері мен олардың ұстаздары еді.
1977 жылдан бастап 1996 жылға дейін мектеп №51 орта мектеп болып аталды.
1981-1986 жылдары мектепті В.Г.Поплевин басқарды.
1985 жылдың 18 шілдесінде Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің Төрағасы Н.А.Назарбаев қол қойған Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің қаулысымен мектепке Кеңес Одағының Батыры Сергей Ильич Морозовтың аты берілді.
1981-1988 жылдары Ауғанстанда мектептің 18 түлегі соғысқа қатысты. Мектепте осы соғыста қаза тапқан Юрий Проводин мен Андрей Цойға арналып мемориалдық тақта орнатылды. Өздерінің интернационалдық міндеттерін В.Журавлев, А.Хабибуллин, Н.Кирьянов, Б.Мусабаев, Е.Акбаев, Н.Литвинов және де тағы басқалар каһармандықпен орындап шықты.
1986-1994 жылдары мектеп директоры Валентина Петровна Горченко болды.
1996 жылдың 2 қазанында мектеп № 51 С.И.Морозов атындағы орта мектеп-гимназиясы болып қайта құрылды. 1994 жылдан 2005 жылға дейін кезеңде № 51 орта мектеп-гимназияны Хван Галина Владимировна басқарды.
Әр түрлі жылдары осы мектепте білім алғандар: Анатолий Мачнев – МГИМО түлегі, БҰҰ қауіпсіздік кеңесшісі (кеңестік кезінде); Игорь Кабак – ақын, «Аргументы и факты» газетінің редколлегия мүшесі; Н.Данильченко атом сүңгуір қайығының командирі, марат Қоғамов – ҚазМЗА ректоры, профессор, заң ғылымдарының докторы; Г.Ф.Ким – профессор, тарих ғылымдарының докторы, көптеген монографиялардың авторы және де көптеген тағы басқалар.
Бүгінгі күні мектепте еңбектеніп жатқан ұстаздардың 40% осы мектептің түлектері.
2005 жылдан бері бүгінгі күнге дейін мектепті Тамара Анатольевна Цой басқарып келеді.
2006 жылы мектеп 36 млн. теңге сомасына күрделі жөндеуден өтті. 2006-2010 жылға дейін кезеңде физика, химия, биология кабинеттері жабдықталды, 6 интерактивтік тақта, 41 компьютер бар.
2006 жылдың 1-қыркүйегінде мектепте мемлекеттік тілде оқитын 1-ші сынып ашылды. Қазіргі күні мемелкеттік тілде оқитын 5 сынып жұмыс істейді.
2006 жылдан бастап мектепте 10-11 сынып оқушыларын бейіндеп оқыту іске асырылып келеді. 1996 жылдан бастап бүгінгі дейін гимназиялық сыныптарда тереңдетіп оқыту келесі пәндерден жүргізілді: қазақ тілі, математика, орыс тілі. Осы пәндер бойынша орташа білім сапасы 50% құрады.
2016-2017 оқу жылында тереңдетіп оқыту 5 «А», 5 «Б», 6 «Б», 7 «Б», 8 «Б», 9 «Б», 10 «А», 10 «Б», 11 «А» -сыныптарда жүргізіліп
60 мұғалімнің бесеуі «Қазақстан Республикасының білім үздігі», екеуінде «Қазақстан Республикасының құрметті білім қызметкері» төсбелгісі бар; біреуінде «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі бар. 22 мұғалім – жоғары санатта, 14 – бірінші санатта, 14 – екінші санатта.
Мектептің атын оның оқушылары шығарып жатыр, олардың ішінде аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиада мен байқаулардың жүлдегерлері бар.

Похожие публикации:

26 апрель 2017 семинар
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Danielle
24 апреля 2019 23:55
На нашем сайте вы можете найти все про мошенников
David
9 мая 2019 02:56
На нашем сайте вы можете найти все про Volvo фото и новости на http://automagazine.lv/

На нашем сайте вы можете найти все про Volkswagen новости на сайте http://automagazine.lv
Gie
13 июня 2019 07:04
На нашем сайте вы можете найти все про скачать игры выживание через торрент
Sara
16 июня 2019 23:18
Понравится ли в общем отдых на море в Республике Хорватия? Разведать про это довольно-таки просто, посетив интернет-сайт http://icroatia.ru/stati/12-veshhej-kotorye-nuzhno-sdelat-v-xorvatii/

Сумеет понравиться ли персональный отдых в Республике Хорватия? Выяснить о таком элементарно, обратившись на специализированный интернет-портал http://icroatia.ru/stati/38-ekskursionnyx-turov-v-xorvatiyu-iz-rossii/
Viel
26 июня 2019 02:53
На нашем сайте вы можете найти все про отметка нарколога в мед справке на права
Janet
12 июля 2019 03:47
На нашем сайте вы можете найти все про заходите сюда
Laurie
18 июля 2019 04:39
На нашем сайте вы можете найти все про комплектующие для коллекторов отопления
Andrew
26 июля 2019 02:33
На нашем сайте вы можете найти все про аттестат недорого
Beth
2 августа 2019 03:10
На нашем сайте вы можете найти все про Аттестат школы 2010-2013г
Rodney
9 августа 2019 06:40
На нашем сайте вы можете найти все про Автовыкуп в Витебске