2021-2022 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар » С.И.Морозов атындағы №51 орта мектеп-гимназиясы
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің
"С.И.Морозов атындағы №51 орта мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 834-2-23-78
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021-2022 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
31
август
2021

2021-2022 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

31.08.2021-ғы № 444 шығыс хаты


Қазақстан Республикасы

                                                                     Білім және ғылым министрінің

  2021 жылғы  «31» тамыздағы
                                                                           № 444 бұйрығына қосымша



 
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында дәстүрлі (штаттық) 2021-2022 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік  ұсынымдар


1- тарау. Жалпы ережелер


 1. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында дәстүрлі (штаттық) 2021-2022 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік   ұсынымдар оңтайлы жағдайлар жасау мақсатында әзірленді (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар). 

           2021-2022 оқу жылында оқу-тәрбие процесі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мектепалды және 1-11 (12) сыныптарда дәстүрлі (штаттық) форматта  оқыту түрінде жүзеге асырылады. 

         Сабақтың ұзақтығы 45 минутты құрайды.

2. Білім беру ұйымдары санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау кезінде «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №36 «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында короновирустық инфекцияның алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығын басшылыққа алады.

3. 2021-2022 оқу жылында орта білім беру ұйымдарында оқу процесі ұйымның жобалық қуатына, сынып-жиынтықтардың санына, сынып-жиынтықтардағы білім алушылардың санына, сабақ кестесіне, ауысымды ескере отырып, кабинеттердің болуына және т.б. байланысты жүзеге асырылады.   


kaz-metod-rekom-2021-2022-zh.doc [45,58 Kb] (cкачиваний: 11)
Посмотреть онлайн файл: kaz-metod-rekom-2021-2022-zh.doc
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив