23
февраль
2023
Оқушылардың оқуға деген ынталарын дамыту үшін сабақта формативті бағалауды қолдану» тақырыбында әдістемелік күн өтті
С.И.Морозов атындағы №51 орта мектеп-гимназиясында 23.02.2023жылы «Оқушылардың оқуға деген ынталарын дамыту үшін сабақта формативті бағалауды қолдану» тақырыбында әдістемелік күн өтті. Мақсаты: оқу уәждемесін арттыру үшін формативті бағалаудың негізгі идеяларын іске асыру процесінде мұғалімнің практикасын жетілдіру. Мұғалімдер оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыратындығын және жаңа педагогикалық технологияларды меңгергендігін дәлелдей түсті. Оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды қолданудағы тәжірибелерімен, соның нәтижелерімен бөлісті. Сабақ соңында қатысушы мұғалімдер кері байланыс берді.