02
сентябрь
2025
Алғашқы қоңырау жиыны жақсы көңіл-күймен басталып, соңында “Менің Отаным Қазақстан” атты тәрбие сағаты өтті.
Жетісу облысы, Қаратал ауданы, С.И.Морозов атындағы № 51 орта мектеп-гиназиясында 1 қыркүйек Білім күні мерекесіне орай "Білім күні-бейбітшілік күні" тақырыбында салтанатты жиыны өтті. Алғашқы құттықтау сөзі мектеп директорының у.м.а. Ким Юлиана Валерьевнаға беріліп, келген ата-аналар мен оқушыларды, мектеп ұстаздарын Білім күнімен құттықтады. Мектептің жеткен жетістіктері мен табыстары, атқарылған жұмыстары туралы қысқаша баяндап, жоғары нәтижеге жетуіне қолдау білдірген барша ата-аналар мен ұстаздарға алғыс айтты.Салтанатты жиынымыздың қадірменді қонағы Қаратал күндізгі болу орталығының директоры, Қараталауданының маслихат депутаты Байгазакова Ирина Тұрсынбайқызы сөз сөйлеп, жылы лебізін айтып, білдіршіндерімізді құттықтап, жаңа оқу жылында жоғары нәтиже көрсетуімізге ниет білдірді.Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1-ші сынып оқушылары тақпақтарын айтып, жұрттың қошеметіне бөленді. Мектептің өнерпаз оқушылары «Алғашқы қоңырау» әнін орындап, музыкалық сәлемін жолдады. Алғашқы қоңырау соғу рәсімін мектебіміздің 11-сынып оқушылары, оқу озаттары Төрехан Ержан мен Пак Дарья және жас бүлдіршіндері алаңды айнала сылдырлатып, барша қонақтарды айырықша әсем күйге бөлей кетті. Алғашқы қоңырау жиыны жақсы көңіл-күймен басталып, соңында “Менің Отаным Қазақстан” атты тәрбие сағаты өтті.