24
September
2025
«Ерлік – ұрпаққа аманат» тақырыбында тәрбиелік мәні зор кездесу өтті
Жетісу облысы, Қаратал ауданы, С.И.Морозов атындағы орта мектеп гимназиясында «Ерлік – ұрпаққа аманат» тақырыбында тәрбиелік мәні зор кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты елін сүюге, батырлықты бағалауға, Отан алдындағы борышты сезінуге шақыру.Шараға әскери қызметкерлер, ұстаздар, ардагерлер мен мектеп оқушылары қатысты. Кездесу барысында еліміздің тарихындағы батырлардың ерлік істері айтылып, тәуелсіз Қазақстанның бейбітшілігін қорғаудағы қазіргі әскердің рөлі түсіндірілді. Әскери мамандар жастарға әскери тәртіп, патриотизм және азаматтық борыш жөнінде өнегелі әңгімелер айтты.Сонымен қатар, оқушылар ардагерлер мен әскери қызметкерлерге сұрақтар қойып, патриоттық тақырыпта ой бөлісті.Іс-шара «Ел қорғау – ердің ісі, ерлік – ұрпаққа аманат» деген ұстаныммен қорытындыланды.